Төрт мыңға жуық бүлікші мен олардың отбасы мүшелері Мухайям Аль-Вафединдегі гуманитарлық дәліз арқылы Шығыс Ғұтаны тастап шықты. Бұл туралы ресейлік соғысушы тараптарды татуластыру орталығының басшысы Юрий Евтушенко мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Юрий Евтушенко: «Офицерлердің көмегімен Дума қаласында бүлікшілердің қолына түскен бес адам құтқарылды. Экстремистерді жою жөніндегі операцияның белсенді кезеңі басталғаннан бері 4 мыңға жуық жауынгер мен олардың отбасы мүшелері Мухайям Аль-Вафедин кентінің маңындағы гуманитарлық дәліз арқылы Шығыс Ғұтаны босатты», – деп мәлімдеді.
Бұған дейін Дамаск билігі Шығыс Ғұта аймағынан бүлікшілердің ең ықпалды ұйымы «Джаиш әл-Ислам» және олардың таған туыстары кететінін, және олардың аймақтан шығарылуына арнайы автобустар жұмылдырылғанын хабарлаған болатын.
Еске салайық, 2013 жылдан бастап Шығыс Ғұтаның 400 бейбіт тұрғыны азық-түлік, ауыз су, жарық пен медициналық көмекке зәру. 2017 жылдың соңында Сирия президенті Башар Асад әскері бүлікшілер аймағын бомбалай бастады.