АҚШ сауда дауында Қытайдан шегініс күтеді

0
113
дереккөзден

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) сауда дауында Қытай Вашингтонға жол беретініне сенім білдірді. Бұл туралы Ақ үй жанындағы ұлттық экономикалық кеңес басшысы Ларри Кудлоу мәлімдеді.

Кудлоу Fox News эфирінде, Қытай мен АҚШ сауда дауында бір ортақ келісімге келу керектігін алға тартып, осы тұрғыда қытайлықтар сауда дауында Вашингтонға жол береді деп есептейді.

РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, бұған дейін АҚШ 1,3 мың қытай тауарына баж салығын көтеретіндерін мәлімдеп, аталған тауарлардың тізімін жариялаған еді. Тауарлардың арасында соя, автокөліктер, ұшақтар, химиялық өнімдер бар. Вашингтон таратқан ақпарға сәйкес, аталған өнімдер 2017 жылы АҚШ импортында 50 миллиард долларды құраған.

Өз кезегінде Бейжің АҚШ-тың бұл әрекетіне жауап қайтаратындарын айтып, сес көрсетті. ДСҰ-дағы (Дүниежүзілік сауда ұйымы) ҚХР (Қытай халық республикасы) тұрақты өкілі ұйымға мүше елдерді АҚШ-тың протекционистік саясатына қарсы тұруға шақырды.


Наурыз айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамп «Қытайдың экономикалық агрессиясына қарсы күрес» меморандумына қол қойды. Аталған меморандум Қытайда өндірілетін тауарлар мен өнімдерге шектеу қояды. Трамптың айтуынша, бұл бастама Бейжіңге 60 миллиард доллар көлемінде бағаланбақ. АҚШ президентінің жарлығына сәйкес, болатқа импорттық баж салығы 25 пайызға, алюминиге 10 пайызға енгізілді.

1 сәуірде Қытай өз қызығушылықтарын сақтау және шығын көлеміне өтемақы мақсатында 128 АҚШ тауарына салық енгізді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз