«ТШО іске қосылғалы мұнай өндірісі 30 есе өсті»

0
160
Ақорда

25 жыл ішінде «Теңізшевройл» (ТШО) мұнай-газ нарығындағы көшбасшыға айналды. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев 4 сәуір елордадағы «Хилтон» қонақ үйінде өткен «Теңізшевройл» ЖШС-ның (жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара барысында мәлімдеді.

Ақорда

Мемлекет басшысы аталған кәсіпорынның ел экономикасына зор үлес қосып отырғанын алға тартып, жоба іске қосылғаннан бері мұнай өндіру көлемі 30 есе өсіп, тарихи межеге – үш миллиард баррельге жеткендігін алға тартты.

«Теңізшевройл» компаниясы экономиканың машина жасау, мұнай-газ саласындағы қызмет көрсету, көлік және құрылыс сияқты салаларында жұмыс істейтін мыңдаған қазақстандық кәсіпорынның дамуына жол ашты. Бұл дегеніміз – алынған салықтар мен дивидендтер, Қазақстанда өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сатып алынуы. Бүгінде жоба аясында 30 мыңнан астам азаматымыз жұмыспен қамтылған, ал жобаның барлық шығынының 32 пайызынан астамы Қазақстанда өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің үлесіне тиеді,

– деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Ақорда

Қазақстан мұнай мен газ бағасының құбылмалылығы және баламалы технологиялардың дамуына байланысты мұнай мен газды кең көлемде қата өңдеу мәселесін алға тартқан Н. Назарбаев Қазақстанның аталған мәселеге бейілділік танытып отырғанын атап өтті.

Үкімет компаниямен бірлесе отырып қайта өңдеу кәсіпорындарын салу мәселесін қарастыруға және бұл жөнінде баяндауға тиіс. Қайта өңдеу саласында жаңа мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі бірінші кезекте тұр. «Шеврон» компаниясы бұл мәселеге орай қолдау білдіреді деп сенемін,

– дейді Н. Назарбаев.

Еске салсақ, 4 сәуірде мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен кездесті. Кездесуде тараптар мұнай өндіру мен мұнайды қайта өңдеу саласындағы өзара ықпалдастықтың қазіргі мәселелері мен перспективаларын талқылады.


«Теңізшевройл» ЖШС – Атырау облысындағы алып Теңіз кенішінде геологиялық барлау, және игеру жұмыстарымен айналысатын Қазақстандағы ірі кәсіпорын. 1993 жылы негізі қаланған. «Теңізшевройл» лицензиясы алынған 2,5 мың шаршы шақырым немесе 1600 шаршы миль аумақта орналасқан, бұл жерде Теңіз кеніші және Королев кеніші учаскелері бар. Қазақстанда өндірілетін мұнай көлемінің үштен бір бөлігінен астамы «Теңізшевройл» компаниясына тиесілі.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз