Ақын Есенғали Раушанов дүниеден өтті

0
508
Есенғали Раушанов. Photo: Facebook/Ақберен Елгезек

Ақын, жазушы Есенғали Раушанов өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек 16 сәуір күні таңертең Facebook парақшасында хабарлады.

“Қадірлі ағайын! Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушановтан айырылып қалдық. Алла алдынан жарылқасын. Асыл рухы бейіштің төрінде шалқысын”, – деп жазды Ақберен Елгезек.

Есенғали Раушанов 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Әр жылдары түрлі басылым-журналдарда, баспаларда түрлі қызмет атқарған. Оның өлеңдері орыс, литва, болгар, чех, украин, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған. Өзбек ақыны Хамза Ниазидің өлеңдерін өзбек тілінен аударып, жеке кітап етіп шығарған.

Есенғали Раушанов совет дәуіріндегі қарсылық әндердің бірі “Қарабауыр қасқалдақ” әнінің сөзін жазған. Аталған ән совет одағы тарамай тұрып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына орай туған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз