6 сәуірден бастап Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Нұр-Сұлтан және Алматыдан Делиге ұшатын рейстерін тоқтатты.
Бұл ақпаратты сенбі күні Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарайтын азаматтық авиация комитеті хабарлады.
“Air Astana әуе компаниясы Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты 11 сәуірден бастап, 30 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан және Алматыдан Делиге ұшатын рейстерін тоқтатуға мәжбүр” делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемесінде.
Әуе компаниясы Қазақстанға осы уақыт аралығында келуді жоспарлап отырған жолаушыларға билеттерін қайта өткізуді немесе басқа бағыттар арқылы келуге көмектесетінін айтып отыр.
Наурыз айының басында компания Үндістан пен Пәкістан арасындағы жағдайдың ушығуына байланысты Үндістанға “балама маршрут” арқылы рейстер ұшырып, қабылдай бастағанын хабарлаған.