Елордадағы “Ана мен бала” орталығынан өрт шықты

0
315
Өрт

7 сәуір күні Елордадағы “Ана мен бала” орталығынан өрт шығып, 200-ден астам адам эвакуацияланды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

“7 сәуір күні сағат 13:50-де “101” пультіне “Ана мен бала” орталығында өрт шыққаны туралы хабар түсті. Ғимараттың “Б” бөлігінде астыңғы қабатта электрқалқан кабелінен от тұтанған. ТЖ аумағы 0,5 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер келгенше аурухана қызметкерлері 200 адамды сыртқа шығарды. Өрт сағат 14:04-те ауыздықталып және 14:08-де толық сөндірілді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиға себептері анықталып жатыр. Өрт орнына астаналық ТЖД 8 жеке құрамы мен 2 техникасы жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз