Алматы облысында аудан әкімі жемқорлықпен ұсталды

0
262

Алматы облысы Талғар ауданының әкімі Серікжан Ерекешевтің  ұсталғаны расталды. Бұл туралы жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап zakon.kz сайты хабарлады.

“Алматы облысы бойынша жемқорлықпен күрес іс-қимыл қызметі Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Талғар ауданының әкімін қамауға алуға тергеу соты санкция берген. Сотқа дейінгі тергеу амалдарына қатысты өзге деректер Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды” делінген агенттік ақпаратында.

Серікжан Ерекешев және айналасындағы тағы екі шенеуніктің ұсталғаны жөнінде хабар осыған дейін де тараған. Бірақ ресми орындар ақпаратты растамаған болатын.

Алматы облысының әкімдігі Tengrinews агенттігіне Ерекешевті қызметінен босату туралы бұйрық шықпағанын айтқан. Талғар ауданының ресми сайтында Ерекешев аудан әкімі ретінде көрсетілген. Кей ақпаратқа қарағанда әкім мен оның орынбасары және бөлім басшысы 10 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз