Шымкентте автобус жүргізушілері наразылыққа шықты

0
135
Photo: video grab

3 ақпанда Shymkent Bus автопаркінің жүзден астам жүргізушісі мен кондукторы жұмысқа шығудан бас тартып, жалақыларын көбейтуді талап етті.

Сәрсенбі күні таңертең автопарк маңына жиналған жұмысшылар жалақыларының мардымсыздығына, жұмыс берушінің “орынсыз” талаптарына қарсы шыққан. Олар жұмыс берушінің төлем картасы енгізілсе де, қолма-қол ақша төлейтін жолаушылардан түсетін ақшаға қатысты жоспар жүктеп қойғанына шағымданды.

Ереуілшілерге қала әкімі Мұрат Әйтенов келіп, оларды жұмысқа шығуға үгіттеген. Кешке дейін мәселелерін шешіп беруге уәде берген. Бірақ жұмысшылар оған көнбеген.

Автопарк 18 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетеді. Сәрсенбі күні таңертең ереуілге байланысты кейбір жолаушылар аялдамада тұрып қалып, жұмыстарына уақытында жете алмай қиналған.

Ресми БАҚ-тың хабарлауынша, Shymkent Bus басқару компаниясында 450 шақты жүргізуші істейді. Соңғы бір жылда автобустардың толық жаңарғаны хабарланған. Құрылтайшысы – “СПК “Shymkent” акционерлік қоғамы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз