ДСМ өткен тәуліктің коронавирус деректерін жариялады

0
118

3 ақпанда Қазақстанда 1280 адамнан коронавирус табылды. 82 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 11 адам – коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 4 ақпан таңертең хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Павлодар облысында (230) тіркелген. Ақмола облысында – 168, Нұр-Сұлтан қаласында – 153, Алматы қаласында – 111, Батыс Қазақстан облысында – 109 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 191 639 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 48 087 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 573 адам қайтыс болған. 36 482 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 27 886 адам ( оның ішінде 11032 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 259 адамның жағдайы ауыр, 57 науқастың жағдайы өте ауыр. 53 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз