Алматыда автобус қаққан екі азамат қаза тапты

0
47

15 cәуірде кешке Алматыда екі азаматты автобус қағып, қаза тапты. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. 

Апат Достық-Юбилейная көшелерінің қиылысында болған.

“Бұл жағдайды қазір Қылмыстық кодекстің көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы (345-4) бабымен тергеу басқармасы тергеп жатыр. Апаттан 1967 жылғы ер адам мен 55-60 жастағы кім екені анықталмаған әйел кісі қаза тапты. Тиісті сараптама жүргізіледі” деді полиция департаменті.

Биыл 26 наурызда Нұр-Сұлтандағы орталық көшелердің бірінде үш автобус пен бірнеше жеңіл көлік соқтығысып, екі адам – 53 жастағы автобус жүргізушісі мен 26 жастағы азамат қаза тапқан. Зардап шеккендердің бірі мүгедек болып қалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз