Бір айлық үзілістен кейін 1 мамырда Назарбаев халықаралық әуежайына алғашқы жолаушылар Алматыдан келді.
Бүгін Нұр-Сұлтанға Алматыдан (сағат 11.35, 14.40, 19.00, 19.20) тағы төрт рейс қонады. Әуе рейстерін “Air Astana”, “Qazaq Air”, “Scat” әуе компаниялары орындайды.
Ұшар алдында жолаушылардан температура мен коронавирус жоқ деген анықтама тексерілді. Содан кейін ғана тіркелуге болады. Сонымен қатар, жолаушылар арақашықтық сақтауы қажет.
Айта кетейік, Қазақстанның екі қаласы арасындағы әуе тасымалына төтенше жағдайға байланысты 30 наурызда шектеу қойылған.