Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылды

0
96
Дариға Назарбаева.

2 мамыр түс кезінде Қазақстан президентінің жарлығымен парламент сенатының спикері Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада бұдан басқа ақпарат айтылмайды.

Қазақстанның бұрынғы президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева  әкесі былтыр наурыз айында отставкаға кеткеннен кейін билік иерархиясында президенттен кейінгі екінші лауазым – сенат төрағасы қызметіне отырған еді.

Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы парламенттің жоғарғы палатасына 2016 жылы өткен. Оны депутат етіп сол кезде президент қызметінде отырған әкесі тағайындаған.

Конституцияға сәйкес, президент қайтыс болған немесе қызметінен бас тартқан жағдайда оның қызмет өкілеті мерзімі аяқталғанша сенат төрағасына өтеді.

Назарбаеваның сенат депутаты ретінде өкілеті тоқтауының себебі әзірге белгісіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз