Алматыдан Қостанайға бағыт алған ұшақ әуежайға қонбады

0
180
Fly Arystan ұшағы.

Алматыдан Қостанайға бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының KC7141 рейсі қонуға 22 минут қалғанда ұшақ кілт бұрылып, Алматыға кері қайтқан. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

“Ұшақ көкке көтерілген соң, 1 сағат 43 минут өткенде әуе кемесінде ақау тіркелгені жөнінде хабарлама іске қосылған. Ал бұл кезде Қостанай әуежайына қонуға 22 минут қалған болатын. Соған қарамастан ұшқыш кері бұрылып, Алматыға оралды”, – делінген хабарламада.

Техникалық регламенттер рейсті жалғастыруға мүмкіндік беретіндіктен, әуе компаниясының шешімімен ұшақ Алматыға қайтарылған. Мамандар мұның себебін Қостанай әуежайында инженерлік-техникалық қызметтің жоқтығымен түсіндірген.

Экипаж жұмыс уақытының тығыздығына байланысты ауыстырылған.

Қазір ұшақ жөнделіп, одан әрі пайдалануға рұқсат етілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз