Тоқаев бірнеше мемлекетке елші тағайындады

0
191

12 қазан күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейт, Молдова, Кипр мемлекеттеріне елші тағайындады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Азамат Бердібай Қазақстанның Кувейт мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалған.

Ал Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Кәлетаевқа Молдова республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқару жүктелген.

Сонымен қатар Израильдегі Қазақстан елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипр республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз