Қалта қаққан қалалар

0
167
дереккөзден

Қымбат қалалар тұрғындарды несімен тартады? Жанға жайлы күн райы, мансаптық өрлеу, дамыған инфрақұрылым немесе бай мәдениет дейік бұның жауабын. Әдемі өмірге салмақты қаражат жұмсауды қолай көретіндер миллиондап екен ендеше. 

UBS AG ірі қаржы холдингі “prices and earnings” (құны мен кірісі) зерттеуін негізге ала отырып, жаһанның қалта қағар қалаларының тізімін ұсынды.

Көш бастаған швейцариялық қос қала – Цюрих пен Женева. Үштікті тәмәмдаған Норвегияның Ослосы.

Сарапшылардың ой сүзбесіне сәйкес, аталған қалаларда жай ғана төбе көрсетіп, тірлік жасау үшін бір отбасындағы үш адам айына 4,2 мың доллар қаражат табуы қажет. Бұған жалға алынған тұрғын жайдың құнын қосыңыз.

Қымбат қалалар тізбесін 77 шаһар құрады. Бестіктің қатарына Копенгаген (Дания) мен Нью-Йорк (АҚШ) енді. Аталған шаһарларда күнкөріс үшін кем дегенде 3,7 мың доллар қажет. Қалта қаққан қалалар тізбесіндегі ондықта: Токио (Жапония), Милан (Италия), Лондон (Ұлыбритания), Чикаго (АҚШ) және Хельсинки (Финляндия) бар. Мәселен, Лондонда күн кешуге 3,4 мың доллар қажет.

Қымбат қалалар тізбесін түйіндеген Мысыр шаһары Каирде (77 орын) өмір сүру үшін айына 1,2 мың доллар жетіп артылады. Тізімде Каирден екі саты жоғары өрлеген Украина астанасы Киевте күнкөріске 1,6 мың көк қағаз кетеді. Көршілес Ресейдің қос қаласы Санкт-Петербург (51 орын) пен Мәскеу (54 орын) де қымбат қалалар тізімінен орын тапты.

Сабина Ақтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз