Әміре финалда

0
215
Фото Жан Мұқанов

Әміре нигімен танылған Ернар Садырбаев Витебскте өтіп жатқан халықаралық “Славянский базар” ән байқауының финалына жолдама алды. Бұған дейін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында kazaknews.kz тілшісіне сұхбат берген продюсер Жан Мұқанов аталған өнер байқауында Әміренің топ жаратынына сенім білдіріп,  әншінің Д. Құдайбергеннің аталған байқаудағыдай әлеуеті барын айтқан еді. Д. Құдайберген 2015 жылы “Славянский базар” халықаралық өнер байқауында топ жарып, бас жүлдені иемденді. Өз кезегінде, балалар арасындағы осы жылғы халықаралық өнер байқауында Д. Құдайберген қазылар алқасының мүшесі, ал ересектер арасындағы байқауада ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева қазылық етеді.

Фото Жан Мұқанов

Байқаудың жартылай финалы тәмам. 21 мемлекеттен 15-і финалға жолдама алды. Босния, Герцеговиния, Грекия, Мексика, Әзірбайжан, Гвинея, Мысыр финалға шыға алмады. Жеребе бойынша Әміре 15-ші болып өнер көрсетеді – Жан Мұқанов.


12-16 шілде аралығында Беларусияның Витебск қаласында “Славянский базар” халықаралық өнер байқауы өтуде. Байқаудың үш күнінде Әміре Нұрғиса Тілендиевтің “Құстар әні”, Раймонд Паулостың “Подберу музыку”, Моцарттың “Я сплю на розах” рок-операсынан үзінді шырқайды. Әндер жаңа өңдеуде орындалады. Сахналық безендіру мен орындаушылық шеберлікке баса назар аударылады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз