АҚШ лаңкестік ұйыммен күресте жаңа операция бастады

0
99
дереккөзден

АҚШ Сирияда «ДАИШ»* лаңкестік ұйымының соңғы бекеттерін босату бойынша операцияға кірісті. Бұл ақпарды АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Хизер Науэрт өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Ресми өкілдің сөзінше, операцияға Құрама Шттатар басқаратын коалиция мен «жергілікті серіктестер», соның ішінде Сирия демократиялық күштері ат салысады.

«Күрес қиын болмақ, бірақ біз және серіктестеріміз жеңіске жетеміз»,

деп хабарланады ресми мәлімдемеде.

Науэрт АҚШ «ДАИШ»* лаңкестік ұйымынан Түркия, Израиль Иордания, Ирак, Ливан шекарасын қорғауға ниетті, сондай-ақ сүннит, күрд, христиан және т.б дін өкілдерінің Сириядағы еркін ерік-жігерін қамтамасыз етпек. Бұдан өзге Құрама Штаттар Сирияда шешімін таппаған гуманитарлық мәселелерді шешуге «халықаралық ресурстарды» тартуға ниетті.


30 сәуірде халықаралық коалиция Иракта «ДАИШ-қа»* қарсы негізгі ұрыс қимылдарының мәресіне жеткенін хабарлады. Сол күні Бағдадта коалицияның штаб-пәтерінің ашылу салтанаты өтті.


*ДАИШ – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, елімізде тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.
Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз