Елбасы еңбегімен еленген азаматтарды марапаттады

0
333

Еңбігімен көзге түскен ержүректер мен сардарларды Ақорданың төріне жинап, оларға құрмет көрсету – жылдағы дәстүрлі үрдіс. Мемлекет басшысы бұл жылы да Отан қорғаушылар күні қарсаңында бірқатар ерен еңбегімен еленген азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.

 

Елбасы, Жоғары әскери және арнаулы атақтарды, ссыныптық шендерді, атап айтқанда Генерал-лейтенант, Сыртқы барлау генерал-лейтенанты, Генерал-майор, Авиация генерал-майоры, Сыртқы барлау генерал-майоры, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені, 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы, Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атақтарын иелеріне табыстады.

Жалпы саны 35 әскери қызметкер Елбасының қолынан арапат алды. Соның ішінде 22 азаматқа генерал шені берілді. Сонымен қоса, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, І дәрежелі «Айбын» орденімен, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Құрмет» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалдарымен 13 адам марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз