Халықаралық ғарыш станциясында ғарышкерлер салмақсыздық күйінде пицца әзірлеген. Бұл қызықты мәліметті Are news хабарлайды. Қажетті азық-түліктерді ғарышкерлерге итальяндық Паоло Несполи бір конференция барысында пицца жеуді сағынғанын айтқаннан кейін жіберген.
Пицца әзірлеуге қажетті азық-түліктерді (ірімшік, пепперони және өзге де көкөністерді) ғарышкерлер қараша айында алған. Пицца арнайы кино түні үшін әзірленген.
Тағамды әзірлеу барысын ғарышкерлер бейнежазбаға түсіріп алған.
Сабина Сайлаубай