Мәжіліс Төрағасы Финляндия елшісімен кездесті

0
67

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Финляндияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі  Микко Кивикоскиді қабылдады деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың өзекті мәселелерін талқылады.

Мәжіліс Спикері елшіні жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, енді бірнеше күннен кейін Суомидің 100 жылдық мерейтойы аталып өтілетіндігін алға тартып, фин халқына гүлдену мен бақ-береке тіледі. Сонымен бірге, осы жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толды. Спикер атап өткендей, Финляндия Солтүстік Еуропа елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып, Қазақстанның тәуелсіздігін мойындады. Осы уақыттар ішінде қос мемлекет басшыларының салиқалы саясатының арқасында Қазақстан мен Финляндия Орталық Азия мен Солтүстік Еуропадағы стратегиялық әріптестерге айналды.

Мәжіліс Спикерінің пікірінше, аталған мемлекет барлық деңгейде сындарлы үнқатысуға қол жеткізген Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық әріптесі.

Өз кезегінде елші мырза Қазақстанның табыстарына өте жоғары баға беріп, біздің еліміздің экономикалық саладағы тәжірибесі әлемдегі бірқатар елдерге үлгі екенін жеткізді.

Тараптар Қазақстанда өткен ЭКСПО халықаралық көрмесіне айрықша назар аударып, бұл екі елдің байланысына жаңа серпін беретіндігіне тоқталды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз