Астана мен Берлин инвестициялық ынтымақтастықты нығайтады

0
53
ҚР Үкіметі

Астанада Германия мен Қазақстан арасында инвестициялық ынтымақтастықты нығайту туралы мәселелер талқыланды. Кездесу барысында сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

ҚР Үкіметі

Кездесу барысында Вице-министр А. Қабыкенов Германия Қазақстанның стратегиялық әріптестерінің және ірі инвесторларының бірі екенін алға тартып, екі ел арасындағы тауар айналымның оң қарқынын атап өтті және сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға, өзара мүдделі салаларда екі жақты ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.

Өз кезегінде елші Р. Мафаэль Қазақстанда инвестициялық ахуалдың жақсарғанын және неміс бизнес қауымдастығының Қазақстан экономикасына инвестиция салуды әрі қарай жалғастыратынын айтты.

Кездесу аясында тараптар биылғы жылы Қазақстан мен Германияда жоспарланған ірі іс-шараларды талқылады, және сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша Үкіметаралық жұмыс тобының 12-отырысы мен бизнес-форум өткізуге келісті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз