Ракеталық соққыдан ешкім зардап шеккен жоқ – Сирия

0
106

14 сәуір. Сирия билігі АҚШ-тың ракеталық соққыларынан зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді.

Сирияның арнайы әскери командалық мәлімдемесінде «адам шығыны жоқ, зардап материалдық шығындармен ғана шектеледі», делінген. Дегенмен, жергілікті БАҚ ракета соққысының әсерінен үш адам зардап шекті деген ақпарат таратқан. 

Бүгін таңертең АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сирияға қарсы ракеталық соққы берді.


Бүгін таңертең АҚШ, Франция және Ұлыбритания Сирияға қарсы ракеталық соққы берді. Дональд Трамптың мәлімдеуінше, аталған ракеталық шабуыл «құбыжықтардың» Ғұтадағы химиялық қаруды пайдаланып шабуыл жасауына жауап ретінде болмақ. АҚШ басшысы бұл операцияның мақсатын жаппай қырып-жою қаруына қарсы жаңа шабуыл жағдайларына жол бермеу екендігін айқындады. Траптың әскери опреациясы Ұлыбритания және Франциямен бірлесе жүргізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз