Ауғанстан президенті Қазақстанға алғыс білдірді

0
110
ҚР СІМ

ҚР елшісі Әлімхан Есенгелдиев Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мохаммад Ашраф Ғаниге сенім грамоталарын табыс етті.

Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мохаммед Ашраф Ғани және ҚР елшісі Әлімхан Есенгелдиев/ енм грамоталарын табыстау сәті/ ҚР СІМ

СІМ баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, кездесу барысында Ауғанстан басшысы қазақстандық тарапқа және президент Н. Назарбаевқа Ауғанстанды қайта қалпына келтіруде елде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатуға бағытталған барлық халықаралық және өңірлік бастамаларға үнемі көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді. Бұдан өзге Мохаммад Ғани Қабыл үшін Қазақстан Орталық Азиядағы ірі серіктес екенін алға тартты.

Ауғанстан мен Қазақстан сауда нарығы кеңейеді

Кездесу барысында Ауғанстан басшысы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің қажеттігін баса айтты. Қазақстандық іскерлерді ауған нарығында, атап айтқанда бидай жеткізу, Ауғанстан аумағында қазақстандық компаниялардың диірмен салуы, тау-кен өнеркәсібі нысандары, электроэнергия салаларында, теміржол жобаларында белсенді жұмыс жасауға шақырды. Өз кезегінде, ауған тарабы Қазақстан нарығына жеміс-жидек пен жаңғақ жеткізудің көлемін ұлғайтуға әзір.

ҚР СІМ

Қазақстан елшісі Ә. Есенгелдиев Ауғанстанды қысқа мерзімде қалпына келтіруде Астананың Қабылды толықтай қолдайтындығын мәлім етті.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз