Макрон Путинге хабарласты

0
49
дереккөзден

Франция президенті Эммануэль Макрон өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында (Twitter) Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлескен бейнежазбаны жариялады.

Макрон өзінің ресейлік әріптесіне Австралияға бағыт алған сәтінде ұшақ бортынан хабарласқан, қос тарап Иранның ядролық мәмілесін талқылады.

Бұған дейін АҚШ-қа жасаған мемлекеттік сапары барысында Макрон президент Дональд Трампты Тегеранмен жасасқан мәмілені тәрк етпеуге шақырған еді. Тараптар ымыраға келуге келісті: бұрынғы мәмілені кеңейту ,бірақ оны тәрк етпеу. Атап айтқанда, аталған құжатта Иранның атом бағдарламасы ғана емес, баллистикалық бағдарламасы да қозғалуы қажеттігі ұсынылады. Олай болмаған жағдайда, Трамп мәмілені тәрк етемін деп сес көрсетті. Қаңтарда Трамп еуропалық әріптестеріне мәміленің құрылымын қарастыруға төрт ай уақыт берді.


2015 жылы Иран мен АҚШ өзара келісімшартқа қол қойды, шарт бойынша Иран өздерінің атомдық зерттеулерін халықаралық қатаң бақылауға қоюға міндетті, есесіне, батыс елдері тарапынан Иранға салынған санкциялар алынып тасталады. Ираннан санкцияларды алып тастау 2016 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады.

Д. Трамп АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама келісім жасасқан шартты қатаң айыптап, оны «ең нашар мәміле» деп атады. Соңғы уақытта Вашингтон шартты жою үшін бірқатар дипломатиялық шаралар қолдануда.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз