Қазақстан елшісі Қырғыз министріне жауап нотаcын табыстады

0
89
дереккөзден

Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кәрім Көкірекбаев Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Ерлан Әбділдаевпен кездесіп, қырғыз тарабына жауап нотасын табыстады.

КирТаг таратқан ақпарға сәйкес, Қырғызстан сыртқы істер министрі мен Қазақстан елшісі кездесу барысында қазақ-қырғыз ынтымақтастығының дамуын талқылап, алдағы жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер мен сапарлар жайына да тоқталды К. Көкірекбаев Алматы әуежайында қырғызстандық жолаушылардың түбегейлі тексерілу ісіне қатысты қарсы тарапқа жауап нотасын табыстады. Қазақстан елшісі аталған жайтқа байланысты СІМ және Шекара қызметінің басшылары арнайы жиналыс өткізіп, мәселенің жай-күйін талқыға салғандарын атап өтті.

14 қыркүйекте Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшісіне Алматыдағы әуежайда қырғызстандық азаматтардың түбегейлі тексерілгендігіне қатысты қарсылық нотасын табыстады. Жақында Жогорку Кенеш басшылары Қазақстандағы әуежайларда қырғызстандықтарға қасаң көзқараспен қаралатындығын алға тартқан еді. ҚР СІМ қазақ-қырғыз шекарасын кесіп өту уақыты енді шекті түрде қысқартылатынын айтып, жауап қайырды.

Бұған дейін ҚР СІМ басшысының орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев пен ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) Шекара қызметі бойынша басшы Дархан Ділманов аталған мәселеге қатысты өткен отырыс барысында Қазақстан Шекара қызметіндегі қызметкерлер тарапынан артық әрекеттерге жол берілмеу жайын талқыға салып, арнайы қызметтік тексеріс бекітті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз