Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі сейілуде

0
237

Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің бәсеңдеуі байқалады. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, республикада 2015 жылмен салыстырғанда өткен жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,2%-дан 3,8%-ға дейін төмендеген.

Соңғы жылдарда білікті қызметкерлерді дайындау және жас түлектерді жұмыспен қамту шараларының көрсеткіші артты. 2017 жылы (92%) 2012 жылмен салыстырғанда (79,4%) колледж түлектерін жұмыспен қамту көрсеткіші 12,6 пайызға жоғарылаған.

Қазіргі уақытта мемлекетте 500-ден астам жастар ұйымы, жастарды дамыту орталықтары өз жұмысын жүргізіп келеді. Олар студенттер мен белсенді жастар арасында түрлі шаралар ұйымдастырып, біліктілікті және өмірге, еңбекқорлыққа деген сенімділікті арттыру шараларымен белсене айналысып келеді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 18-29 жас аралығындағы 5 миллион жастардың 23-27 пайызы жұмыспен қамтылған. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз