Қазақстан халқы саны өсіп келеді

0
91
ашық дереккөзден

Қазақстанда 2017 жылғы 1 қазанда халық саны 18 миллион 96,9 мың адамды құрады, соның ішінде қала халқының саны – 10,383 млн. адам (57,4%), ауыл тұрғындарының саны – 7,713 млн. адам (42,6%). Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика Министрлігі статистика Комитеті хабарлады.

2016 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға немесе 1,3% -ға өсті.

Азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының азаматтық хал актілеріндегі мәліметтерді өңдеу нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында дүниеге келгендер саны 293,3 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2% -ға аз.

Республика халқының табиғи өсімі осы кезеңде 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек айымен салыстырғанда 18 мың адамға немесе 8,5% -ға төмендеп, 194,9 мың адамды құрады.

Қаралып отырған кезеңде дүниеден өткендер саны 98,4 мың адамды құрады, бұл өткен жылғы қаңтар-қыркүйек айымен салыстырғанда 1,3% аз. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында республикада қайтыс болған 1 жасқа толмаған 2 386 нәресте тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 жасқа дейін өлген балалардың саны 13% -ға азайды.

Көші-қон қызметі ақпараттарын өңдеу нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде тіркелген мигранттардың саны 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 28,7% -ға артып, 11 945 адамды құрады, елден кеткен мигранттардың саны 6,3%-ға артып, 28 150 адамды құрады, көші-қон сальдосы 16 205 адамды құрады.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүреді. Атап айтқанда, ТМД елдерінен келгендердің үлесі 70,6% -ды құрады, ТМД елдерінен шыққандардың үлесі 89,8% -ды құрады.

Аймақаралық мигранттардың үлесі жалпы ішкі мигранттардың 35,1% -ын құрады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз