Қазақстан мен Корея парламентаралық ынтымақтастыққа қол жеткізді

0
205

Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нұрлан Нығматулин мен Корея Республикасы ұлттық ассамблеясының төрағасы Чунг Се Гюн Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясы арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды. Алғаш рет жасалып отырған аталған келісім қос мемлекеттің халықаралық мәселелер төңірегінде ортақ ұстанымды күшейтуге зор ықпал ететін болады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, халықаралық, мәдени-гуманитарлық, сонымен бірге, парламентаралық ынтымақтастықтың өзекті сұрақтарын талқылады. Мәжіліс Спикерінің пікірінше, Корея |Республикасы цифрлық технология, инновациялық даму саласында әлемдік көшбасшылардың бірі. Осы ретте аталған ел Парламентінің экономиканы цифрландыру, көлік және логистика, денсаулық пен білім салаларында инновациялық технологияны енгізуді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету тәжірибелері зор қызығушылық тудырады. Өз кезегінде Н. Нығматулин және Чунг Се Гюн бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар арқылы жиі іс-қимыл алмасып, парламенттер әріптестігін жаңа деңгейге көтерудің маңыздылығына тоқталды.

Сөз соңында қос тарап Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің Сеул жиналысына назар аударды. 2019 жылы аталған бас қосудың төртінші жиналысын ұйымдастыру қажеттілігі қаперге алынды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз