Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңғырудың Ұлттық комитетін құруды тапсырады.
Өзі тапсырған міндеттердің тиімді жүзеге асырылуы үшін істеліп жатқан жұмыстарға бақылауды күшейту қажеттігін айтқан Елбасы Үкімет пен мемлекеттік органдар жылдың соңына дейін дамудың барлық принциптерін ескере отырып, Жол картасының нақты индикаторын жасап шығаруы қажет, бүгінгі айтылған міндеттерді ескере отырып, Парламенттегі заң жобаларына реформа жасау үшін өз уақытында қажетті шаралар іске қосылуы қажет деп атап өтті.
“Өз кезегінде Парламенттен заң жобаларын жедел әрі сапалы тұрғыда қарап, қабылдауды сұраймын. Президент Әкімшілігінен негізі стратегиялық құжаттарға реформа жасау үшін әрі бүгінгі менің айтқанымды ескере отырып, барлығын тексеріп,берілген бұйрықтардың орындалуына қатысты мониторинг жасап, маған баяндап отыратын жаңғырудың ұлттық комитетін құруды тапсырамын “, – деді Елбасы 5 қазан Қазақстан халқына жолдауы барысында.
Жаңадан құрылатын мемлекеттік орган Н. Назарбаевтың сөзінше, негізгі мәселелер әрі бизнес бойынша халық арасында сауалманама жүргізіп, статистикалық көрсеткіштер мониторингін жасақтайды.
Осындай көрсеткіштер арқылы халықтың не қалайтынын білуге болатындығын алға тартқан мемлекет басшысы жаңа мемлекеттік орган әртүрлі салалар қызметі бойынша өзіне есеп беріп отыратынын атап өтті.
Сафина Саид