Елбасы жергілікті медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруді тапсырды

0
91
дереккөзден

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5 қазанда Қазақстан халқына жасаған жолдауы барысында республикадағы медицина сапасында туындаған мәселелерге баса назар аударды.

Медициналық қызметтің сапалылығы халықтың әлеуметтік қамсыздандыруының негізі екенін алға тартқан Елбасы өзі өткізген сауалнама барысында халықтың басым бөлігі медицина сапасына, білім сапасына және тұрғын үй шаруашылығына көңілі толмайтындарын айтқан. Мемлекет басшысы аталғандардың барлығы қазақстандықтардың және олардың балаларының дамуы үшін қажет екендігін атап өтті.

“Көбі шетелге барып ем алады, себебі біздің дәрігерлерге сенім артпайды”, – деген  Елбасы алғашқы медициналық көмектің сапасын әсіресе ауыл-аймақта көтеру қажеттігін алға тартты.

“2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сырқатты емдеп, басқаруда жаңа тәсілдер енгізген жергілікті медициналық қызметкерлерің еңбекақысын 20%-ға көтеруді тапсырамын. Осы үшін келесі жылы бюджеттен 5 млрд теңге бөлінеді”, – деді Елбасы.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз