БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей полигоны жөніндегі қарарды қабылдады

0
128

20 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жалпы отырысында Қазақстандағы Семей аймағында халықты оңалту, қоршаған ортаны қалпына келтіру және экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық және әрекет үйлестіру туралы қарары бірауыздан қабылданды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Бұл БҰҰ Бас Ассамблеясының Семей аймағына арналған тоғызыншы қарары. Оның алғашқысы 1997 жылы Бас Ассамблеясының 52-ші сессиясында қабылданды.

Семей аймағы бойынша қабылданған қарар – халық, әсіресе жас балалардың және басқа да осал топтардың өмірі мен денсаулықтарына ядролық сынақтардың ұзақ мерзімді салдарлары бойынша Қазақстанның елеулі алаңдаушылығын халықаралық қоғамдастықтың мойындауының көрнекті дәлелі.

Құжатта Семей өңірінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ішкі ресурстар бөлудегі Қазақстан Үкіметінің маңызды рөлі атап айтылады. Сондай-ақ, құжат халықаралық қауымдастықты зардап шеккен халықты емдеу мен қызмет көрсетудің арнайы бағдарламалар мен жобаларын әзірлеу және жүзеге асыруда, сондай-ақ Семей аймағында экономикалық өсу мен тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша күш-жігерлерге Қазақстанға көмек беруге шақырады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз