Қ. Тоқаев Сенаттың 2017 жылғы жұмысының нәтижесін шығарды

0
42
ҚР Сенаты

Сенат Бюросының отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Палатаның 2017 жылғы жұмысын қорытындылады. Бұл туралы ҚР Сенатының баспасөз қызметі.

Төраға депутаттардың заң шығару жұмыстарына оң баға беріп, қоғамда зор ықылас туғызған парламенттік тыңдаулар, дөңгелек үстелдер мен кездесулердің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Сенат Төрағасы Мемлекет басшысының ІІІ сессияның ашылуында айтқан тапсырмаларын депутаттардың орындағанын және біздің елімізге аса маңызды кодекстер мен заңдар қабылданғанын айтты. Олардың қатарында Салық, Кеден және Жер қойнауы кодекстері, үш жылдық бюджет, құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту, ақпарат және коммуникациялар туралы заңдар бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулердің топтамасы енгізілді. Қ.Тоқаев сенаторларды қабылданған заңнамалық актілердің мазмұны туралы жұртшылықты хабардар ету үшін 2018 жылғы қаңтардың басына белгіленген ел аймақтарындағы түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуге шақырды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз