«Байқоңыр» жерінің бір бөлігі Қазақстанға берілді

0
74
ашық дереккөзден

Байқоңыр ғарыш айлағының жалға алынған бөлігі Қызылорда облысына берілді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлайды.

«Челябинскіде Ресей мен Қазақстан арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың XIV форумы аясында «Роскосмос» ғарыштық қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директорының бірінші орынбасары Александр Иванов пен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Үкіметінің «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды», – деп хабарлайды ведомства.

Құжатқа сәйкес, Ақай және Төретам елді-мекендеріне жақын жердегі 11,6 мың гектар жер Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін берілді.

Сонымен қатар Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова мен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Байқоңыр ғарыш айлағының қызметкерлері, Байқоңыр тұрғындары, Төретам және Ақай ауылдарының тұрғындарына медициналық көмек көрсету тәртібі туралы» 2009 жылғы 17 қарашадағы шартына сәйкес Ресей Федерациясы Байқоңыр кешенін жалға беру туралы РФ Үкіметі мен ҚР Үкіметі Келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Хаттамада «Байқоңыр» кешенінде жұмыс істеп, Ақай және Торетам елді мекендерінде тұратын қазақстандықтар үшін медициналық көмек жүйесін жетілдіру қарастырылған.

Қол қойылған құжаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды элементі болып табылатын «Байқоңыр» кешені үшін бұрыннан бар екіжақты құқықтық және нормативтік базаны толықтырады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз