Қазақстан, Ресей және БАӘ ғарыш саласындағы ынтымақтастықты талқылады

0
67

Дубайда Dubai Air Show – 2017 15-ші халықаралық аэроғарыш көрмесі аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Асқар Мамин, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары БАӘ Президенті ісінің министрі шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозиннің қатысуымен үш жақты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында тараптар жоғары технологиялық инновациялық әзірлемелерді қолдана отырып, ғарыш саласында бірлескен инвестициялық жобаларды дамыту мүмкіндігін талқылады. Әмірлік тарабы «Байқоңыр» ғарыш айлағының қазіргі жағдайы әрі оны одан әрі дамыту перспективаларымен танысты.

Кездесу барысында Шейх Мансур БАӘ-нің «Бәйтерек» ресей-қазақстан бірлескен жобасына қатысу мүмкіндігін қарастыруына қызығушылық танытты. Әрі қарайғы стратегияны әзірлеу және іс-қимылды үйлестіру мақсатында ғарыш саласында бірлескен жобаларды әзірлеу үшін үшжақты жұмыс тобын құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз