Желіде Bek Air әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы құлаған сәттің кадрлары пайда болды.
Әлеуметтік желілердегі топтардың бірінде жарияланған видеода ұшақтың бетон қоршауға қалай соғылғаны көрінеді.
Алматы әуежайы маңындағы ұшақ апаты
Ұшақ апаты 27 желтоқсан таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының “Алматы – Нұр-Сұлтан” бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.
Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазір 46 пациент ауруханада, оның тоғызы – бала. Денсаулық сақтау минстрлігі балалардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. Тоғыз адамның жағдайы әлі ауыр.