Нұр-Сұлтанда 100 электробус жұмысын бастады

0
132

Астана қоғамдық көліктерінің құрамына 100 электрлі автобус қосылды. Әкімдіктің хабарлауынша 15 автобус бірнеше бағыт бойынша қатынауды бастаған. 

Қала әкімі Алтай Көлгінов электрлі автобустардың техникалық жағдайымен және сипаттамасымен танысқан.

“Экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және жайлы электр автобустарының артықшылығы – атмосфераға зиянды шығарындылардың болмауы, сонымен қатар олардың жұмысындағы үнемділік, автобустар парктеріне дизельдік аналогпен салыстырғанда отынның 80% үнемдеуге мүмкіндік береді”, – делінген әкімдіктің Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Әкімдік өкілдерінің мәліметіне қарағанда, электробус тәулігіне тек бір рет қуатталады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз