Белгілі журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.
Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын республикалық “Спорт” газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, “Рахат”, “31 арна”, “Хабар” арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған.
2007-2012 жылдары Алматы облыстық “Жетісу” телеарнасының бас директоры болды. 2013-17 жылдары “Қазақстан” телеарнасындағы “Айтуға оңай” әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды.
2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы “Қарекет” бағдарламасын жүргізді. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық “Жетісу” телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды.
Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.