“Цеснабанкте” жаңа басшы

0
63
дереккөзден

“Цеснабанк” АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 2018 жылдың 14 қыркүйектен бастап Ержан Төлеубеков банктің басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Аталған лауазымға Ульф Вокурка тағайындалды.

“Ульф Вокурка қаржы саласында тәжірибелі маман, іскерлік атағы мен кәсіби ортада дәрежесі бар. Дойче банктің түрлі құрылымында жұмыс істеген, отандық ірі қаржылық компаниялар мен ұлттық компаниялардың директорлар кеңесі құрамында қызмет жасады. Бұған дейін “Қазкоммерцбанк” АҚ басқарма төрағасы болды”, – деп хабарлайды “Цеснабанк”.

Тағайындауға қатысты пікір білдірген У. Вокурка Е. Төлеубековке осы уақытқа дейін банктің ұстанымын нығайтуда бағдарламар шарасын қабылдағаны үшін алғысын жеткізді.

“Мен аталған жұмысты жалғастырып, қысқа мерзімде мәресіне жеткізуді басты миссиям санаймын. Ержан Төлеубеков біздің құрамда қалады, менің кеңесшім болып, инвестициялық жобаларға мән береді”, – деп атап өтті У. Вокурка.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз