Amazon басшысы 2 млрд долларға қайырымдылық қорын құрды

0
148
дереккөзден

Әлемнің ең бай адамы, Amazon басшысы Джефф Безос Bezos Day One Fund қорының құрылғандығы туралы хабарлады. Безос өз Twitter парақшасында қорға бірінші кезекте 2 млрд теңге қаражат салатынын айтты.

Ол коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырып, үйсіз жандарға көмек қолын созады, сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға арналған  мектепке дейінгі дайындық мекемелерін құрумен айналысатын болады.

Қордың қаражатын аз қамтылған отбасыларға жәрдемдесетін ұйымдар ала алады. Ал білім беру мекемелерін Безос балаларға оқуға жағдай жасалмаған аудандарда салуды жоспарлап отыр.

“Біз Amazon компаниясын табысқа жеткізген ұстанымдарды жалғастырамыз. Оның ең бастысы – тұтынушылармен күшті әрі шынайы байланыста болу. Тұтынушы бала болады”, – деді Безос.

Bloomberg  есебіне сәйкес, 13 қыркүйектегі есеп бойынша, Безостың қаржылық жағдайы 164 млрд $ құрады, ол миллиардерлер сапында көш бастап тұр. Екінші орында Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс (98 млрд $).

Қыркүйекте Amazon компаниясының капиталы 1 трлн $ асты. Amazon капиталы аталған дәрежеге жеткен Америкадағы екінші компания.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз