Филиппинге ірі тайфун келе жатыр

0
111
иллюстративті сурет/дереккөзден

Филиппинде жылжып келе жатқан “Мангхут” тайфуны салдарынан жаппай эвакуация шаралары жүруде. Биліктің бұйрығымен, Лусон филлиппин архипелагында тұратын 800 мыңға жуық тұрғын үйлерін тастап шығуы тиіс.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, ірі желдің жылдамдығы аймақтың орталық бөлігінде сағатына 200 шақырымнан асады. Тайфун салдарынан сел жүру қаупі бар.

Бейсенбі күні “Мангхут” аралдан 700 шақырым қашықтықта болған еді. Синоптиктердің болжауынша, тайфун аралдың жағалауына сенбі күні жетеді, желдің негізгі екпіні аралдағы солтүстік-шығыс провинция Кагаянға тиеді. Сондай-ақ, Қытай мен Тайландқа да жетуі де мүмкін деген болжамдар бар.

Филиппин басшысы Родриго Дутерте әзірге халықаралық қоғамдастықтан көмек сұрамайтындарын алға тартты. Президенттің сөзінше, барлығы табиғи апаттың әкелер шығынына байланысты. Апаттан бас сауғалаған 4 миллион тұрғынға қажетті азық-түлік пен өзге де заттарға миллион еуро көлемінде қаражат кеткендігі хабарланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз