Орталық Азиялық стратегиялық бағытта Ресейдің қауіпсіздігіне басты қауіп – халықаралық лаңкестік ұйымдар мен радикалды исламның таралуы, деп мәлімдеді 25 мамырда РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу.
РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, Шойгу аталған жайт салдарынан Орталық әскери округ әскерлердің дайындығы басты назарда екенін алға тартты.
РФ Қорғаныс министрі осы жылдың басынан бері 68 аралас әскери оқу-жаттығулары өткендігін, оның ішінде 54 екіжақты екендігін атап өтті. Сириядан алынған әскери тәжірибе де қолданысқа еніп жатыр, оқу барысында әскерилер жауынгерлік әрекеттердің тың әдіс-тәсілдерін қолдануда, дейді Шойгу.