Үшінші рет президенттікке түспеймін – Путин

0
85
дереккөзден

26 мамырда РФ президенті Владимир Путин үшінші рет президент сайлауына түспейтіндігін, бұл Конституцияға қайшы екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Путин Петербург экономикалық форумында Bloomberg агенттігі бас редакторының қойған сұрағына жауап барысында айтты.

«Мен РФ Конституциясының қатаң ұстанғанмын және ұстанамын», деген Путин қазір екінші рет президенттікке сайланғандығын, бұған дейін де екі рет президент лауазымында болғанын алға тартып, үшінші рет президент лауазымынан кеткендігін айтты. «Себебі, Конституция үшінші рет президент болып сайлануға жол бермеді», деген РФ президенті «аталған ережені болашақта да ұстануға ниетті екендігін» атап өтті.


Владимир Путин 2000 жылдан 2008-ға жылға дейін Ресей президенті болды, кейіннен Дмитрий Медведев президент болып сайланған сәтте, Путин РФ премьер-министрі лауазымын атқарды. Ал 2012 жылы алты жыл мерзімге РФ президенті болып қайта сайланды. Осы жылы 7 мамырда өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша, Путин 76,7 % дауыс жинап, төртінші рет Ресей Федерациясының  президенті болып сайланды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз