Сауд Арабиясы Германияға санкция салды ма?

0
107
Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман

Сауд Арабиясының Германияның Таяу Шығысқа қатысты саясатына көңілі толмайды, сол себепті Саудия неміс фирмаларынан тапсырыстарды доғарады. Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Салман мемлекеттік мекемелерге осындай бұйрық міндеттеді, деп хабарлайды 25 мамырда Der Spiegel журналы.

Басылым таратқан ақпарға сәйкес, Саудия тарапынан санкцияға түскен ірі неміс фирмалары қатарында Siemens, Bayer және Boehringer бар, аталған концерндер Эр-Риядтағы денсаулық сақтау министрлігімен бірнеше жылдар қатарынан тығыз ынтымақтастық жасаған еді.

«Der Spiegel таратқан ақпарды біз растай алмаймыз, біздің ісіміз қалыпты режимде жүріп тұр», – деп мәлімдеді Daimler өкілі. Reuters қойған сауалдарға Siemens, Bayer және Boehringer пікір білдірмеген,  Сауд Арабиясы билігі де аталған жайтқа қатысты нақты ақпар таратпаған.

“Санкция салқыны сезілуде”

Өз кезегінде, Эр-Риядта жұмыс істейтін жоғары шенді неміс менеджерлерінің бірі санкцияға қатысты ақпаратты растаған, деп жазады Deutche Welle басылымы. Менеджердің айтуынша, санкцияның ықпалы денсаулық сақтау саласында айтарлықтай сезілуде. «Тапсырыстардан бірінші кезекте, Саудия денсаулық сақтау Министрлігі бас тартуда», – дейді менеджер.


Сауд Арабиясында 800-ге жуық неміс фирмалары жұмыс істейді. 2017 жылы Корольдіктегі неміс экспорты 6,6 млрд еуроны құрады. Бұл көрсеткіш Иран экспортынан да жоғары.

2017 жылы Эр-Рияд Германиядағы елшілерін кері шақыртты. Бұған себеп, Германияның сол уақыттағы сыртқы істер министрінің жанама түрде Эр-Риядты Таяу Шығыстағы авантюризмде айыптауы еді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз