Елбасы Ақтөбедегі рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты

0
63

Елбасы мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған рельс-арқалық зауыттың жұмысымен танысты деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына зауыт өнімін алыс және таяу шет елдерге, соның ішінде Өзбекстанға, Түрікменстан мен Әзербайжанға экспорттаудың қазіргі жағдайы туралы баяндалды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев зауыт жұмысшыларымен кездесіп, оларға жемісті еңбек пен кәсіби табысқа жетуге тілектестік білдірді.

Атап өтерлігі, зауыт өз өнімімен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты – жылына 430 мың тонна өнім.

Сабина Сайлаубай

сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз