Е. Біртанов қаза тапқан дәрігерлердің отбасыларына көңіл айтты

0
71

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматыдағы ұшақ апатында қаза тапқан жандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Қазақстан медицинасы үшін ауыр қаза орын алды. Өзінің қызметтік міндетін атқару барысында екі әріптесіміз қаза болды. Кәсіби біліктіліктері жоғары – 20 жыл еңбек өтілі бар акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы Пәтсаев Талғат Әнәпиұлы, 30 жыл жұмыс тәжірибесі бар анестезиолог-реаниматолог,профессор, медицина ғылымдарының докторы Артықбаев Жәнібек Төкенұлы. Олар өз ісінің шеберлері еді, босанғаннан кейін жағдайы өте ауыр жас әйелдің өмірін құтқару үшін өз өмірлерін қиды.Өзгенің өмірін құтқарамын деп, өз өмірін қиған дәрігерлердің алдында басымды иемін. Бұл біздің бәріміз үшін әсіресе, әріптестеріміздің отбасы үшін орны толмас қайғы», – деп жазады министр өзінің әлеуметтік желідегі (facebook) парақшасында.

Министр сондай-ақ қаза тапқан экипаж мүшелері: ұшақ командирі Генадий Цой, екінші ұшқыш Евгений Кутафин, авиатехник Бейшібек Ахматбаевтың отбасы мен достарына көңіл айтты.

«Олардың бәрі азаматтық ерлік жасады деп есептеймін», – деп жазады Е. Біртанов.

Атап өтсек, 3 қазанда Алматы облысы Іле ауданында Междуречинск селосы жанында санавиация желісінде ұшқан АН-28 ұшағы апатқа ұшырап, кейіннен өртеніп кеткен. Дәрігерлер босанған әйелге медициналық көмек көрсету мақсатында  Алматыдан Шымкентке ұшып шыққан. Әйел Түркістаннан Шымкент ауруханасына босанғаннан кейін 2 қазанда түскен. Шақалақты 16 сәби күні босанған әйелдің өмірін сақтап қалу үшін түркістандық дәрігерлер барын салған. Бүгінде Шымкент облыстық клиникалық ауруханасында жатқан әйелдің халі өте ауыр.

Cабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз