Елбасы Абу-Даби ханзадасымен кездесті

0
141

Елордаға Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян ресми іссапармен келді. Мәртебелі қонақ осы уақытқа дейін елімізде бірнеше рет болса да бұл жолы елбасының арнайы шақыртуымен Ақорда төріне ат басын бұрған.

Астана шаһары 20 жасқа келсе Араб әмірліктері мен еліміздің арасындағы дипломатиялық байланысқа биыл 26 жыл толып отыр. Осыған орай елбасы Араб ханзадасының кеудесіне Астананың 20 жылдығына арналған төсбелгі тақты. Ханзаданың әкесі Бен Заидке арнап шығарған кітапты да тарту етті.

Қос ел арасындағы ынтымақтастық күннен-күнге нығая түсуде. Бұл тәуелсіздік алған жылдан қазірге дейінгі Араб әмірліктерінің елімізге деген қолдауының нәтижесі екендігін елбасы атап өтті. Кездесуде екі тарап арадағы байланысты одан әрі дамыта түсудегі тақырыптарды талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана Араб әмірліктері мен Қазақстан визасыз жүйеге көшкен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз