“Астана” Халықаралық қаржы орталығы ашылды

0
138

5 шілдеде “Астана” Халықаралық қаржы орталығы ашылды. Ашылу салтанатына мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 

Салтанатты шара барысында сөз алған Қазақстан президенті “Астана” Халықаралық қаржы орталығы ағылшын құқығы негізінде жұмыс істейтінін алға тартты.

Аталған Халықаралық қаржы орталығына тараптастар Қазақстан капиталына ғана емес, барлық аймаққа қол жетімділікке ие болады деген Назарбаев қаржы орталығына барша әлемнен инвесторлар тарту үшін орталық өте құнды шарттар ұсынатынын алға тартты.

“Орталықтың құқық дәрежесі конституциялық заңмен бекітілген, ал ресми тілі – ағылшын. Орталықтың тараптастарына 50 пайызға дейінгі жеңілдіктер қарастырылған, валюта, виза және еңбек режимі жеңілдетілген. Бұл аймақта ағылшын тілінде жұмыс істейтін жалғыз орталық”, – деді Н. Назарбаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы өз сөзінде орталық бүкіл мемлекет үшін басты жоба фабрикасы болатынын алға тартты.

“Мұнда біздің экономикамыздың негізгі секторларындағы жобаларды қаржыландыру үшін мәмілелер жасалады. Жалпы алғанда Астана Халықаралық қаржы орталығының жұмысы оның қатысушыларының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған, сондай-ақ инфрақұрылымды, қауіпсіздікті және ыңғайлы орнығуды қамтамасыз етеді. Орталықтың ашылуы елордасы Астананың 20 жылдығымен тұспа-тұс келуі тегін емес “, – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Орталықтың ашылу салтанатына әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған қонақтар санында шек жоқ. Құрметті қонақтар қатарында Абу-Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян мен Татарстан президенті Рустам Минниханов бар.
Абу-Даби тақ мұрагері,БАӘ Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян.
Татарстан президенті Рустам Минниханов

“Астана” Халықаралық қаржы орталығының ашылуына әлемнің түкпір-түкпірінен қаржыгерлер, банк өкілдері және ІТ компаниялар келді.

 

Мәселен, төлем жүйелерін құратын халықаралық Master Card компаниясы Қазақстанда “ақылды” қалалар технологиясын енгізу жұмыстарымен айналысатындарын мәлімдеді. Орталық ашылғаннан кейін шетел азаматтарының елордаға қарқынды түрде келе бастайтыны ескеріліп, азаматтарға ыңғайлы болу үшін “Экспа Центр” құрылды.

 

Сабина Ақтай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз