Елорда әуежайындағы көлік тұрағының бағасы төмендеді

0
84
ашық дереккөзден алынды

Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайындағы көлік тұрағының бағасы төмендейді.

Бұл туралы «Астана LRT» өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Сіздерге халықаралық әуежайдың P-1 қысқа мерзімдегі көлік тұрағында ағымдағы тарифті талдағаннан кейін компания мен әуежай басшылығы тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдағанын хабарлағымыз келеді», деп жариялады.

Осылайша, көлік тұрағын пайдаланудың бірінші күні тарифі 33 мың теңгеден 2,5 мыңға дейін төмендеді, тәулік бойы тұрақтанғаннан кейін келесі әрбір тәулікке тұрақ құны 60 мыңнан 2,5 мың теңгеге дейін төмендеді.

«Астана LRT» және Астана халықаралық әуежайы елорда әуежайының барлық көлік тұрақтарын басқару жобасының қаржылық моделін қайта қарау туралы келісімге қол жеткізілгені айтылды.

Друзья!Спешим сообщить вам, что проведя анализ действующего тарифа на краткосрочной парковке P-1 международного аэропо…

Geplaatst door Astana LRT op woensdag 20 september 2017

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз