Газа секторындағы наразылықтар қайта қантөгіске ұласты

0
54

Хамас-тың наразылық шеруі қайтадан қантөгіске ұласты. Палестинаның Газа секторына жақын маңда палестиналықтар Израиль әскерімен қақтығысып 4 адам көз жұмды. Тағы мыңдаған адам наразылық акциясының салдарынан зардап шеккен. Бұл туралы Газа секторының денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Израиль Қорғаныс күштері көтеріліске қатысушылардың көпшілігі әскерилерге шабуыл жасап, шекарадағы бөгеттерге зақым келтіргенін мәлімдеді. Палестиналық билік бұл жолы да Израиль Қорғаныс әскерін қарусыз бейбіт ереуілшілерді өлтірді деп айыптап отыр.

БҰҰ-ның Палестинадағы бақылаушысы Риад Мансур әскерилерді «мұздай қаруланып, дөң үстінде тығылған қорқақтар» деп атады.

Риад Мансур: «Олар снайперлік мылтық сияқты жоғары жылдамдықты қаруларды бейбіт шерушілерге қарсы қолдануда. Бұл олар үшін ұят нәрсе. Ашық далада аң аулағандай қорғансыз адамдарды қыратын қорқақтар».

«Қайта оралу» атты наразылық шеруінің өтіп жатқанына бір айдан асты. Наразылық шеруін анти-израилдік ұранмен әлемнің көптеген елінде лаңкестік ұйым деп есептелінетін ХАМАС қозғалысы ұйымдастырып келеді.

Еске саламыз, наурыз айының соңында БҰҰ Қауіпсіздің Кеңесі Израиьді бейбіт шерушілерге қару қолданғаны үшін айыптаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз