Словакия халқы мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етті

0
96

Мыңдаған Словакия халқы президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуді талап етіп ереуілге шықты. Бұл туралы dw.com хабарлайды. 

Словакиялық билік өкілдері мен италялық мафия арасындағы байланыстарды зерттеуші журналист қасақана өлтірілгеннен кейін, словакиялық ереуілшілер мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуге тырысуда. Қазіргі уақытта президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізуге байланысты өтініш хатқа 80 000-нан астам адам қол қойды.

Словакиялық журналист Яна Куцияканың өлімінен кейін екі ай өткен соң мыңдаған адамдар 27 сәуәрде Братиславадағы үкіметке қарсы наразылық шеруіне шықты. Жергілікті ақпарат құралдары таратқан мәліметке сүйенсек, наразылық шеруіне 5000-нан астам адам шыққан.

Ереуілшілердің басты талабы – президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу. Қоғамдық институттар мен халықтың сенімін қайта қалпына келтіру үшін бірнеше ғана Үкімет мүшесін ауыстырып қоя салу тиімсіз дейді наразылық шеруін ұйымдастырушылар. Олардың мәліметінше наразылық шеруіне қатысушылардан бөлек тағы 80 000-нан астам адам саулауды мерзімінен бұрын өткізу туралы құжатқа қол қайған.


Айта кетейік, Словакияда кезекті президенттік және парламенттік сайлау екі жылдан кейін өткізілуі тиіс болатын.

Словакиядағы наразылық толқыны 25 ақпанда жергілікті билік өкілдері мен италиялық мафия арасындағы байланыстарға егжей-тегжейлі зерттеу жүргізген журналист Ян Куцияк пен оның қалыңдығының қасақана өлтірілгеннен кейін бастау алған.

Ян Куцияк өлтірілгеннен кейін жарияланған оның соңғы мәліметтерінің бірінде, Куцияк елдің премьер-министрі Роберт Фицоны италиялық мафиямен тығыз байланыста деп айыптаған болатын.

Елдегі жаппай наразылық шеруінен кейін премьер-министр Роберт Фицо және оның екі көмекшісі, СІМ басшысы, полиция бастығы, мәдениет министрі қызметінен босатылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз